СЖТМ
Депозиттің мерзімі
Минималды сома
Сыйақыны төлеу
Депозиттің калькуляторы
Депозитті үйден шықпай-ақ, ашыңыз
Bereke мобильді қосымшасындаBereke қосымшасын жүктеп алыңыз да, бірден тіркеуден өтіңіз
"Жаңа өнімді ашу" батырмасын басыңыз және "Депозитті" таңдаңыз
Депозитіңізді басқа банктен аударым арқылы немесе Bereke Bank-тің кез келген банкоматы арқылы толықтырыңыз
Кеңес алуға өтініш беріңіз
Біздің қызметкерлер сізге қайта қоңырау шаладыДепозиттер бойынша шарттар Bereke Bank
Депозиттер бойынша шарттар мен толық ақпаратты алыңыз| Bereke депозиті | Номиналды сыйақы мөлшерлемесі
|
| Мерзімі 3, 6, 12, 24 ай | |
| Валюталар Теңге | |
Минималды сома 5 000 ₸ | |
| Максималды сома 10 000 000 000 теңге(эквивалентінде) | |
| Қосымша салымдар Жоқ | |
| Ішінара алу Жоқ | |
Мерзімінен бұрын бұзу Қарастырылған. Депозитті мерзімінен бұрын қайтару 30 күнтізбелік күннен кейін жүзеге асырылады. Депозит бойынша сыйақы талап етілетін мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі | |
| Ұзарту 2025 жылғы 14 желтоқсанды қоса алғанға дейін ашылған салымдар бойынша салым сомасы сол валютада «Bereke Табыс депозиті» мерзімді салымына 1 ай мерзімге орналастырылады. Салым Банкте осы салым түрі бойынша орналастыру күні қолданыста болған талаптар мен сыйақы мөлшерлемесі негізінде ресімделеді.
2025 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ашылған салымдар бойынша салымның мерзімін ұзарту Банктің осы салым түріне қаражат қабылдауды тоқтату туралы шешімі қабылданғанға дейін сол мерзімге шектеусіз рет жүзеге асырылады. Салымның мерзімін ұзарту Банкте осы салым түрі бойынша мерзімін ұзарту күні қолданыста болған талаптар мен сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. | |
Сыйақыны есептеу Ай сайын капиталдандырылады және депозит мерзімінің соңында төленеді | |
| Bereke депозиті толықтырумен | Номиналды сыйақы мөлшерлемесі
|
| Мерзімі 3, 6, 12, 24 ай | |
| Валюталар Теңге | |
Минималды сома 5 000 ₸ | |
| Максималды сома 10 000 000 000 теңге(эквивалентінде) | |
| Қосымша салымдар Салымның максималды сомасына дейін салынады | |
| Ішінара алу Жоқ | |
| Мерзімінен бұрын бұзу Қарастырылған. Депозитті мерзімінен бұрын қайтару 30 күнтізбелік күннен кейін жүзеге асырылады. Депозит бойынша сыйақы талап етілетін мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі | |
| Ұзарту 2025 жылғы 14 желтоқсанды қоса алғанға дейін ашылған салымдар бойынша салым сомасы сол валютада «Bereke Табыс депозиті» мерзімді салымына 1 ай мерзімге орналастырылады. Салым Банкте осы салым түрі бойынша орналастыру күні қолданыста болған талаптар мен сыйақы мөлшерлемесі негізінде ресімделеді.
2025 жылғы 15 желтоқсаннан бастап ашылған салымдар бойынша салымның мерзімін ұзарту Банктің осы салым түріне қаражат қабылдауды тоқтату туралы шешімі қабылданғанға дейін сол мерзімге шектеусіз рет жүзеге асырылады. Салымның мерзімін ұзарту Банкте осы салым түрі бойынша мерзімін ұзарту күні қолданыста болған талаптар мен сыйақы мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. | |
| Сыйақыны есептеу Ай сайын капиталдандырылады және депозит мерзімінің соңында төленеді | |
| Bereke депозиті валютамен Күн Сайын | Валютада сыйақының номиналды мөлшерлемесі Доллар: • 3 айға - номиналды 1% (СЖТМ*-1%); • 6 айға - номиналды 1% (СЖТМ-1%); • 12 айға - номиналды 1% (СЖТМ-1%); • 24 айға - - Еуро: • 3 айға - номиналды 0,5% (СЖТМ 0,5%); • 6 айға - номиналды 0,5% (СЖТМ 0,5%); • 12 айға- номиналды 0,3% (СЖТМ 0,3%); • 24 айға- номиналды 0,3% (СЖТМ 0,3%); Рубль: • 3 айға - номиналды 1% (СЖТМ-1%); • 6 айға- номиналды 1% (СЖТМ-1%); • 12 айға- номиналды 1% (СЖТМ-1%); • 24 айға- - * Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі |
Минималды сомасы 10 $, 10 €, 1000 ₽ | |
| Максималды сомасы Шектеу жоқ | |
| Қосымша салымдар Салымның максималды сомасына дейін салынады | |
Ішінара алу Есептелген сыйақыны жоғалтпай төмендетілмейтін қалдық сомасына дейін қарастырылған | |
| Мерзімінен бұрын бұзу Есептелген сыйақыны жоғалтпай қарастырылған | |
| Ұзарту Банк салымды қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған сәтке дейін негізгі мерзім аяқталған күннен кейінгі күнге салымның осы түрі бойынша банкте қолданылатын сыйақы мөлшерлемесімен автоматты түрде сол мерзімге ұзартылады. | |
Сыйақының есептелуі Сыйақы күн сайын төленеді | |
| Табыс Bereke депозиті | Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 1 ай - 7,66% (ЖТСМ*- 8,0%) * Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі |
| Мерзімі 1 ай | |
| Валюталар Теңге | |
| Минималды сома 5 000 ₸ | |
| Максималды сома 10 000 000 000 теңге(эквивалентінде) | |
| Қосымша салымдар Салымның максималды сомасына дейін салынады | |
| Ішінара алу Есептелеген сыйақымен бірге төмендетілмейтін қалдық сомасына дейін жасалады | |
| Мерзімінен бұрын бұзу Қарастырылған, есептелген сыйақы жоғалмайды | |
| Ұзарту Бар | |
| Сыйақыны есептеу Төлем жасаумен күнделікті капитализация | |
| Гарант депозиті | Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 ай – 12,25% ( ЖТСМ* -13,0%) 60 ай - 7% (ЖТСМ*- 7,2%) * Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі |
| Мерзімі 12, 60 ай | |
Валюталар Теңге, ресей рублі | |
Минималды сома 5 000 ₸, 1000 ₽ | |
| Максималды сома 10 000 000 000 теңге(эквивалентінде) | |
| Қосымша салымдар Салымның максималды сомасына дейін салынады | |
Ішінара алу Есептелеген сыйақымен бірге төмендетілмейтін қалдық сомасына дейін жасалады | |
| Мерзімінен бұрын бұзу Қарастырылған, есептелген сыйақы жоғалмайды | |
| Ұзарту Бар | |
| Сыйақыны есептеу Ай сайынғы капиталдандыру және салым мерзімінің соңында төлеу | |
Аманат депозиті | Шарттар Банк клиенттерінен жеке тұлғалардан салымдар қабылданады, қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша түрінде, теңгемен: • арнайы ұсынысты (оффер) алған клиенттерге арналған ( Bereke қосымшасына бұл депозит көрсетіледі) • бір ЖСН-ге тек бір «Аманат» салымын ашуға болады |
| Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 3 ай – 18,34% (СЖТМ*- 20%) *Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі | |
Мерзімі 3 ай | |
| Валюта Теңге | |
| Минималды сома 5 000 ₸ | |
| Максималды сома 10 000 000 000 ₸ | |
| Қосымша жарна Салымның максималды сомасына дейін салынады | |
| Ішінара алу Қарастырылмаған | |
| Мерзімінен бұрын бұзу Қарастырылған. Депозитті мерзімінен бұрын қайтару 30 күнтізбелік күннен кейін жүзеге асырылады. Депозит бойынша сыйақы талап етілетін мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі | |
| Ұзарту Салым сомасы «Bereke Табыс депозиті» мерзімді салымына 1 айға, сол валютада, орналастыру күніне салымның осы түрі бойынша Банкте қолданылатын шарттарда және сыйақы мөлшерлемесімен орналастырылады | |
| Сыйақыны есептеу Ай сайын капиталдандырылады және депозит мерзімінің соңында төленеді | |
| Сыйақы мөлшерлемелері «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) еншілес банкі) активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі 12.12.2025 жылғы № 66, §3а шешімімен бекітілген (15.12.2025 ж бастап қолданысқа енгізілді) | |
Депозит бойынша пайыздар номиналды мөлшерлеме негізінде есептеледі және депозит шарттарына сәйкес есепке алынады.
Егер депозитте күнделікті капитализация қарастырылған болса (мысалы: «Күн Сайын»), пайыздар депозиттегі қалдық сомаға күн сайын есептеледі және жұмыс күндері депозитке түседі. Демалыс күндері үшін де пайыздар есептеледі, алайда олар шотқа келесі жұмыс күні аударылады.
Егер депозитте ай сайынғы капитализация қарастырылған болса (мысалы: толықтыру мүмкіндігі бар Bereke депозиті), пайыздар ай сайын есептеледі және оларды депозит мерзімі аяқталғаннан кейін алуға болады.
Капитализация — бұл «пайызға пайыз есептеу» дегенді білдіреді. Біздің Банктегі барлық депозиттер бойынша капитализация қарастырылған.
Мысалы: клиент ай сайынғы капитализациясы бар депозит ашты. Бірінші айдың пайыздары есептеліп, депозитке қосылды — депозит шотындағы сома ұлғайды. Екінші айда пайыздар тек бастапқы депозит сомасына ғана емес, бірінші айда алынған пайыздарға да есептеледі.
Номиналды мөлшерлеме — бұл келісімшартқа сәйкес депозиттегі қалдық сомаға тұрақты түрде есептелетін пайыз мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Тиімді мөлшерлеме (СЖТМ) — бұл номиналды мөлшерлемеге депозиттен есептелген пайыздарды алмай, депозитте қалдырған жағдайда алынатын қосымша сыйақыны қосқандағы көрсеткіш. Осылайша, тиімді мөлшерлеме капитализацияны ескере отырып, депозиттің ең жоғары мүмкін кірістілігін көрсетеді.
Біздің банкте депозиттердің бірнеше түрі бар:
• жинақтаушы депозиттері — депозит мерзімі аяқталғанға дейін қаражатты шешіп алуға болмайды, мұндай депозитке сыйақы есептелмейді;
• жинақтаушы емес депозиттер — депозит мерзімі аяқталмай тұрып, жинақталған сыйақыны жоғалтпай қаражатты шешіп алуға болады.
Жинақтаушы депозиттері бойынша мөлшерлемелер, әдетте, жинақтаушы емес депозиттерге қарағанда жоғары болады. Мөлшерлемелермен танысып, сыйақының алдын ала мөлшерін сайтта (https://berekebank.kz/ru/personal/deposits/bereke/) немесе депозитті қосымша арқылы рәсімдеу кезінде есептеуге болады.
Жинақтаушы емес депозиттер бойынша өзгермелі мөлшерлемелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне байланысты.
Депозиттердің барлық түрлері бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) бекітеді: kdif.kz.
Депозитті мобильді қосымша арқылы немесе Банктің бөлімшелерінде ашуға болады.
Мобильді қосымшада:
Басты бетке кіріңіз → «Ашу» → «Депозит» бөлімін таңдаңыз да, өзіңізге қолайлы депозитті таңдаңыз.
Бөлімшеде:
Бөлімшелерде қолжетімді депозиттерді мобильді қосымша арқылы да ашуға болады. Алайда депозитті бөлімшеде ашу сізге ыңғайлы болса, біз сізге қуана көмектесеміз.
Бөлімшеде депозит ашу үшін қажетті құжаттар:
• Егер сіз Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз — жеке куәлік (түпнұсқа немесе электронды нұсқасы).
• Егер сіз шетел азаматы болсаңыз және біздің Банктің клиенті болсаңыз — жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (РФ азаматтары үшін — тек шетелдік паспорт).
• Егер сіз шетел азаматы болсаңыз және біздің Банктің клиенті болмасаңыз — келесі құжаттар топтамасы қажет:
• жеке басын куәландыратын құжат (РФ азаматтары үшін — тек шетелдік паспорт);
• ЖСН;
• қазақстандық ұялы байланыс операторының телефон нөмірі;
• eGov порталында тіркелгені туралы скриншот;
• еңбек шарты, оқу шарты немесе ҚР аумағында болу негізін растайтын басқа құжат;
• Банк қаражаттың шығу тегі туралы қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.
Біздің Банкте депозиттер төрт валютада қолжетімді: теңге, АҚШ доллары, еуро, ресей рублі.
Қаражатты депозитке салудың бірнеше жолы бар:
• мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасында қаражат аудару: «Аударымдар» → «Өз шоттарым арасында»;
• басқа банктегі өз шотыңыздан немесе картаңыздан қаражат аударып, кейін оны мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасында депозитке аудару;
• Банктің бөлімшесіндегі банкомат немесе касса арқылы қолма-қол ақша салу.
• Paydala терминалдары арқылы — толықтыру комиссиясыз. Бір клиенттің шотын тәулігіне толықтырудың ең жоғары сомасы 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды. Қаражат бірден есепке алынады.
Біздің Банктегі депозиттер Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры арқылы сенімді түрде қорғалған.
Мемлекеттік кепілдік бойынша мүмкін болатын төлем мөлшері депозит түріне байланысты:
• теңгедегі жинақтаушы депозиттері — 20 миллион теңгеге дейін;
• теңгедегі жинақтаушы емес депозиттер — 10 миллион теңгеге дейін;
• шетел валютасындағы кез келген депозиттер — 5 миллион теңгеге дейін.
Депозиттен қаражат алу ережелері:
• депозит ашылған күннен бастап 15 күн өткен соң қаражатты комиссиясыз алуға болады;
• егер депозитті жаппай, тек қаражатты шешсеңіз — депозитте шартта көрсетілген ең төменгі қалдық қалуы тиіс;
• егер жинақтаушы депозитін мерзімінен бұрын жапсаңыз, қаражат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 30 күнтізбелік күнге «бұғатталады», ал есептелген сыйақы 0,01% мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі;
• егер жинақтаушы емес депозитті мерзімінен бұрын жапсаңыз, қаражат бұғатталмайды және сыйақы толық көлемде есептеледі.
Қаражатты картаға немесе ағымдағы шотқа аудару тәсілдері:
• мобильді қосымшада өз шоттарыңыз арасында аудару: «Аударымдар» → «Өз шоттарым арасында»;
• Банктің бөлімшесінде аудару.
Қолма-қол ақша шешіп алу:
• 5 миллион теңгеге дейін — Банктің бөлімшесіндегі банкомат немесе касса арқылы;
• 5 миллион теңгеден жоғары — қаражатты бөлімшеде беруге дайындау үшін соманы 2 жұмыс күні бұрын тапсырыс беру қажет. Ол үшін Bereke Bank қолдау қызметіне байланысыңыз: байланыс орталығына қоңырау шалу немесе мобильді қосымшадағы чат арқылы.
Депозит мерзімі аяқталғаннан кейін оны жабуға немесе ұзартуға болады.
Депозитті тек жұмыс күнінде жабуға болады. Мысалы, егер жабу күні сенбіге түссе, депозитті дүйсенбіде жабуға болады — сол «артық» күндер үшін, қаражат депозитте болған күндерге банк сізге пайыз есептейді.
Депозиттер автоматты түрде жабылмайды — оларды қолмен мобильді қосымша немесе Банк бөлімшесі арқылы жабуға болады. Қосымшада депозитті жабу үшін депозит мәзіріне кіріп → «Жабу» түймесін басыңыз.
Егер депозитті жаппасаңыз, ол келесі күні автоматты түрде ұзартылып, барлық жинақталған қаражатпен жаңа депозит ашылады. Ұзарту ережелері депозит түріне байланысты, ол сіздің келісімшартыңызда көрсетілген.
Назар аударыңыз:
• жинақтаушы депозитін мерзімінен бұрын жабсаңыз, қаражат 30 күнтізбелік күнге «бұғатталады», ал есептелген сыйақы 0,01% мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес);
• жинақтаушы емес депозитті мерзімінен бұрын жабсаңыз, қаражат бұғатталмайды және сыйақы толық көлемде есептеледі.
ЖТСМ сыйақы 5,1% дейін
ЖТСМ сыйақы 5,1% дейін
ЖТСМ сыйақы 7,2% дейін
ЖТСМ сыйақы 0% дейін
ЖТСМ сыйақы 5,1% дейін
ЖТСМ сыйақы 0% дейін
ЖТСМ сыйақы 5,1% дейін
ЖТСМ сыйақы 5,1% дейін
ЖТСМ сыйақы 14,0% дейін
ЖТСМ сыйақы 5,1% дейін
ЖТСМ сыйақы 17,0% дейін
ЖТСМ сыйақы 5,1%
ЖТСМ сыйақы 14,0% дейін
ЖТСМ сыйақы 14,3% дейін
ЖТСМ сыйақы 14,0% дейін