Сіз бізге сене аласыз
Қазақстанның ең мықты бизнес көшбасшыларының командасы
25 жылдан астам тәжірибесі бар бизнес-лидер, оның ішінде Қазақстандағы ірі банктер басшылығында 19 жыл қызмет атқарып келеді.
Кәсіби қызметі қарқынды дамитын цифрлық өнімдер жасауға және жоғары мамандандырылған бизнес-үлгілер әзірлеуге бағытталған.
Банктік және басқа секторлардың конвергенция сараптамасын меңгерген.
Міндеттерді бөлуге және басқарудың орталықтандырылмаған жүйесіне, клиентке назар аударуға әрі кәсіпкерлік мәдениетке аса зейін қою арқылы басқарады.
Кәсіби қызметін 1997 жылы Ernst & Young Kazakhstan компаниясында салық жөніндегі кеңесші болып бастады. Банк саласындағы қызметін 1998 жылы “Казкоммерцбанк” АҚ-да бастады. Қаржы ұйымында 15 жылдан астам еңбек етті, Инвестициялық банкинг департаментінің бөлім бастығынан Басқарушы директор, Басқарма мүшесіне дейін көтерілді.
2013 жылы қазан 2016 жылы маусым аралығында “Сбербанк” АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары болды, бөлшек блоктың дамуына жауап берді.
2016 жылы шілде 2022 жылы мамыр аралығында Қазақстандағы Альфа-Банктің Бас Басқарушы директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен банктің табысы, несие портфелі қарқынды түрде өсті, халықаралық рейтингтік агенттіктердің және белгілі басылымдардың нұсқасы бойынша бірнеше рет үздік бөлшек банк деп танылды.
“Альфа-Банк” АҚ ЕБ сатылғаннан кейін және атауы “Eco Center Bank ” АҚ (“Банк Центр Кредит” АҚ-ның Еншілес Банкі) болып өзгертілгеннен кейін Басқарма Төрағасының орынбасары және Басқарушы директоры болды.
2022 жылы қарашада “Bereke Bank” АҚ Басқарма Төрағасы, Директорлар Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Жоғары заң білімі бар: 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң институтын “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша тәмамдады.
Гарвард бизнес мектебі (АҚШ), Уортон бизнес мектебі (АҚШ), Лондон бизнес мектебі, Bank of New York, Citibank, INSEAD және Euromoney сияқты үздік халықаралық оқу орындарында, қаржы ұйымдарында қосымша білім алды.
Айдың соңғы сейсенбісінде сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 13/1, 3B блок. Толығырақ 5030 ұялы телефоннан, 8 (800) 080-60-60 қалалық телефоннан, +7 (727) 321-21-11 шетелден қоңырау шалу үшін
Алина Владимировна - қаржы институттарын басқару және дамыту саласында 20 жылдық тәжірибесі бар білікті топ-менеджер.
Операциялық менеджмент және бизнесті стратегиялық басқаруда нағыз кәсіби маман.
Еңбек жолын мұнай-газ секторындағы жетекші халықаралық компанияларда бастады. Алина Владимировна банк саласына 2004 жылы келді, Ресейдегі “Альфа-Банк” АҚ-да жетекші аудитор қызметін атқарды. 2005 ж. тамыздан бастап бас аудитор, 2006 ж. қазан айынан бастап «Банктің Бас басқарушы директоры» блогының Ішкі аудит басқармасы Бөлшек бизнес аудиті бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2008 ж. тамыз айында «Альфа-Банк Россия» АҚ Басқарма бастығының орынбасары – Ішкі аудит бөлімінің бастығы, Бөлшек бизнес бойынша аудит тобының басшысы болып тағайындалды.
2012 жылы Қазақстандағы “Альфа-Банк” АҚ ЕБ-ға шақырту алды, мұнда ішкі аудит қызметінің басшысынан Басқарма Төрағасы лауазымына дейін көтерілді.
Директорлар Кеңесінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі шешімімен “Bereke Bank” АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Алина Владимировна М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қаржы және несие саласында берілетін Master of Management дәрежесіне ие, сондай-ақ Кингстон университетінде (Лондон 2016) және Ресей халықаралық шаруашылық академиясында ЕМВА дәрежесін алды.
Айдың соңғы сәрсенбісінде сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 13/1, 3B блок. Толығырақ 5030 ұялы телефоннан, 8 (800) 080-60-60 қалалық телефоннан, +7 (727) 321-21-11 шетелден қоңырау шалу үшін
Серке Мұратбекұлы экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның қаржы секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы берген “ҚР Еңбек сіңірген қаржыгері” орденінің иесі.
Банк саласында өз қызметін 1999 ж. “Казкоммерцбанк” АҚ-ның әртүрлі бөлімшелерінде бастады. Операциялық қызмет көрсету бөлімінде жетекші маманнан банктің Басқарушы директорына дейін көтерілді. Корпоративтік бизнесте мол тәжірибесі бар, “КазТрансОйл-Сервис” АҚ Бас директорының орынбасары лауазымында стратегиялық жоспарлаумен айналысты. “Қазақстан Халық банкі” АҚ, “БТА банк” АҚ сияқты қаржы институттарында басқарушы лауазым атқарды. 2018 жылдан бастап “Альфа-Банк” АҚ ЕБ-да Атқарушы, кейін Басқарушы директор болып қызмет атқарды. Проблемалық берешекті өндіру және қауіпсіздік бағыттарына жетекшілік етті. Мемлекеттік органдармен, құқық қорғау және сот органдарымен өзара байланыс орнатуға жауапты уәкілетті тұлға болды.
2022 ж. “КазТрансГаз-Аймақ” АҚ-ға Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жөніндегі департаменттің директоры лауазымына шақырылды.
2023 ж. сәуір айында Bereke Bank Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
1996 жылы Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтын “Экономика” мамандығы бойынша тәмамдады.
2002 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін аяқтады, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
Аспирантураны тәмамдағаннан кейін 2007 жылы Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертацияны сәтті қорғады.
Айдың соңғы сәрсенбісінде сағат 14:00-ден 16: 00-ге дейін Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 13/1, 3B блок. Толығырақ 5030 ұялы телефоннан, 8 (800) 080-60-60 қалалық телефоннан, +7 (727) 321-21-11 шетелден қоңырау шалу үшін
Вроцлав университетінің түлегі, заң магистрі дәрежесіне, содан кейін заң кеңесшісі біліктілігіне ие болды. Петр Януш Качмаректің халықаралық қаржы және банк құрылымдарында мол тәжірибесі бар, Креди Агриколь тобында, атап айтқанда, European Leasing Fund (Польша) басқармасының президенті және Index Bank (Украина) басқармасының бірінші вице-президенті қызметтерін атқарды. Ол бірнеше елдерде, атап айтқанда, Францияда, Польшада, Румынияда, Украинада, Ресейде, Чехияда және Беларусь елінде еңбек етті. Сондай-ақ ол Idea Bank (Румыния, Украина, Беларусь), Carcade Leasing (Ресей) сияқты және басқа да көптеген ұйымдарда бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 2024 жылдың ақпан айынан бастап Польша-Украина сыртқы сауда палатасы президентінің кеңесшісі болып қызмет етеді.
Насcер Абдулла С. М. Аль-Шариф Джордж Вашингтон университетінде электрлік техника білімін және Хьюстон университетінде жобаларды басқару магистрі дәрежесін алды.
Оның еңбек жолы Qatar Gas, Катар Ұлттық Банкі, Barclays Capital және Q-Invest сияқты ірі ұйымдардағы негізгі позициялардан басталып, әртүрлі инвестициялық және сақтандыру компанияларының директорлар кеңестері мен комитеттеріне мүшелік етумен жалғасты. Қазіргі уақытта ол Qatar Islamic Bank-тің Басқарма мүшесі, сондай-ақ ондағы Ішкі аудит, комплаенс және тәуекелдер жөніндегі комитеттің Төрағасы, сондай-ақ WISE Consultancy бас директоры.